Армандар орындалады

99

Арманға кімдер берік? Ғалымдар осы сауалдың айналасында зерттеу жүргізіпті. Арманына берік болып қалатындар 7-8 жастағы бүлдіршіндер екен. Біздің бүгінгі хабарымыз да арманын ештеңеге айырбастамаған әрі оған сенген бүлдіршін жайлы болмақ…

«Сабинаның аяғындағы ақауы екі жасында байқалды. Дисплазия деп диагноз қойды. Оны емдеттік. Ота жасаттық. Ұршығы орнында тұр деді. Массаж жасатыңдар» дейді анасы.