Биылғы астықты сатып алу бағасы жарияланды

147

«Азық-түлік корпорациясы қазіргі нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

Биыл астықты сатып алу бағасы өткен жылдың сатып алу бағасынан 24% — ке жоғары». Министрлік мәліметіне сүйенсек, биыл астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа негізгі өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында бекітілген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.

Бидай өнімдері

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады:

3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 000 теңге ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 000 теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 000 теңге ҚҚС қосылған;
4-сыныпты бидай — 98 000 теңге ҚҚС қосылған;
5 сыныпты бидай — 90 000 теңге ҚҚС қосылған;
сыныпсыз бидай — 85 000 теңге ҚҚС қосылған;
2 сыныпты арпа — 87 000 теңге ҚҚС қосылған.

Шынар Орзова