Елімізде ковидтің жаңа «нигериялық» штаммы пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше ниериялық Eta деп аталатын штамм Қазақстанның 4 өңірі бойынша5 қазақстандықтан анықталған.
Қауіпті дертті Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды мен Павлодар облысында бір адамнан жұқтырған. Ал Маңғыстау облысында екі адамнан анықталып отыр.
Нигериялық вирустың симптомдары науқастың қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Және бұл штаммды жұқтырғандар жұқтырған адам дәм мен иіс сезбеуде.
Еске салсақ, елімізде бұған дейін жұқпалы індеттің британ, үнді және ухань штаммдары тараған еді. Былтыр желтоқсанда Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған Eta штаммы қазір әлемнің 77 еліне тараған.