Көлік жарысы: Жәбірленуші шара қолдануды сұрайды

164

Көлік апатынан зардап шеккен ана көмек сұрайды. Әділдік орын алғанын қалаған шымкенттік тұрғын сол мезетте қос жүргізушінің жарысып келе жатқанын жеткізді.

Әрі көліктің бірінде 17- 18 жас аралығындағы құжаты жоқ жасөспірім болған. Сол мезетте жағдайыңызды жасаймыз деген олар үшті күйлі жоқ болып кеткен көрінеді.

Бұл 30 тамыз күні орын алған көлік-апатынан кейінгі жағдай. Естеріңізге сала кетсек, Шымсити шағынауданында «Lada» маркалы автокөлікті басқарған ер азамат «Kia Cerato» автокөлігімен соқтығысқан еді. Салдарынан «Kia Cerato» автокөлігі инерция бойынша жол жиегіне шығып кетіп онда тұрған азаматшаны соққан.

Қос жүргізушінің кесіренен зардап шеккен Динара Асанның айтуынша автокөліктің бірінде 17 — 18 жас шамасындағы жасөспірірім басқарған көрінеді. Әрі оның көлік жүргізу құжаты болмаған екен.

Оқиғадан соң бар жағдайыңызды жасаймыз деген оларды өзім шақырып алдым дейді.

Динара Асан, жәбірленуші:
«Оларды күтттім. Жағдайыңыз қалай деп келетін шығар деп ойладым. Бірақ ол күні келмеді. Ертеңіне мен әкесіне хабарласып шақырып алдым. Өйткені әкесі маған өтінген еді. Еш жерге шағымданба деп. Сөйтіп мен хабарласқан соң ертеңіне келіп маған 1 келі чикен мен 2 литр кола алып келді. Әкесі Ақтауға жұмысқа кетіп бара жатырмын, мына балалар кінәлі ме осылар сенің жағдайыңды жасайды деді. Сөйтіп кетіп қалды».

Осыдан кейін жасөспірімнің анасы ауруханаға келіп баласының тіл қатпай жатқанын айтыпты. Бірақ араға уақыт салып өзі хабарласқан азамат» кімге шағымдансаңызда өз қалауыңызда» депті.

Көлікпен соққан адам сол күйі хабарсыз кетті деген үш баланың анасы тәртіп сақшыларының ешқандай шара көрмей отырғандығына ашынады.

Динара Асан, жәбірленуші: «Мен шағымданамын деп едім екі баласы да қайда жазсаңызда жаза беріңіз деді. Содан кейін сол күйі жоқ болып кетті. Полицияға 6 күн бойы қатарынан телефон соқтым.  Ешқандай шара қолданған жоқ. Мен неше рет сұрадым осы істі қараған маманды тауып беріңіздер деп. Әні-міні деп жоқ қылды әйтеуір».

Ал қалалық полиция департаментің айтуларынша дене жарақатын алғандарға сот медициналық сараптама тағайындалыпты.

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы: «Нәтижесінде аталған азаматша мен «Kia Cerato» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Азаматша медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Дене жарақатын алғандарға сот медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процесуалық шешім қабылданатын болады».

Бұл шағынауданда апаттың жиі болатынын айтқан тұрғындар, осы аймақты тәртіп сақшылары бақылауға алса екен дейді. Себебі, нақты осы аумақта бейнебақылау орнатылмағандықтан соңғы кездері көліктердің жарысы жиілеген.

«Шымситиде 35 үй бар. Бірақ камера жоқ. Есіктің алдында балалар ойнап жүреді. Полиция бекеті  жоқ. Полицейлер қадағаламайды. Әр үйде бірінеше бала бар. Машиналар күнде жарысып өтеді. Тәртіп сақшылары бақылауға алса екен» дейді тұрғындар.

Жәбірленуші мен шағынаудан тұрғындары бұл мәселені ескерусіз қалмаса дейді…

                                                                          Мөлдір Ибадуллаева