Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

58

Шымкентте тұрғындардың улы газ бен өртке қарсы дайындығын тексеру мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтіп жатыр. Профилактикалық шара барысында Шымкент қалалық ТЖ департаменті басшысы, полковник Мадияр Жақсыбаев тұрғындарға үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Арнайы жасақталған мобильді топ Абай ауданына қарасты Тельман бөлімшесі бойынша жеке тұрғын секторларына тексеріс жүргізді. Қала тұрғындары жылыту құрал-жабдықтарын алдын-ала дайындауы және газ құрылғыларын дұрыс орнатылуына баса назар аударуы қажет. Себебі қайғылы оқиғалар соның салдарынан орын алып жатыр дейді департамент басшысы.

Рейд барысында арнайы мамандардан құрылған мобильді топ тұрғын үйлердегі газ жабдықтарын тексеріп қайтты. Тексеріс кезінде әлеуметтік аз қамтылған 3 отбасыға газдабылқаққыш орнатылды.

Айта кетейік, Абай ауданы бойынша жыл басынан бері 22 отбасыға көмек ретінде арнайы құрылғы орнатылған.

Гүлдана Дәурен