Өткен тәулікте 2 930 адамның кви жұқтырғаны анықталды

62

Елімізде өткен тәулікте 2 930 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 128-і Шымкентте, 34-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 4 123-ға жетіп отыр. Оның 24-і Шымкенттіктер тұрғындар.

Ал, Түркістан облысынан 20 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 75 685 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 14 335 пациент стационарға жатқызылған. Ал,61 350-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 136 адамның жағдайы ауыр, ал 350 пациенттің халі өте ауыр. 198 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 160 129 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 5 982 331 адам салдырды.

Ал Шымкентте 465 274 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 391 932 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 815 405, II компонентін 634 826 адам салдырған. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл мен Қызылорда облысы тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы «қызыл» белдеуде.