Өткен тәулікте коронавирустан 81 жағдай тіркелді

71

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 81 жағдай тіркелді. Оның ішінде 61- і симптомды, 20-ы симптомсыз. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3074 адам вакцина алды (I компонент-2293, II компонент-781). Егу науқаны басталғалы барлығы 487 723 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 398 148 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.