Президенттік жастар кадр резерві — жастар үшін жаңа мүмкіндіктер платформасы

170

 

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығында «Antikor.Live» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаевпен тікелей эфир өткізілді.Өз сұхбатында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу критерийлері, өтінім беру мерзімі, Академиямен жасалып жатқан жұмыстары туралы атап өтті.

Әділет Нысанбаев, 1 мен 30 қыркүйек аралағында Президенттік жастар кадрлық резервіне конкурстық іріктеуге өтінімдер қабылданатынын айтты.
Кандидат PKREZERV.GOV.KZ сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен танысып, өтініш қалдыра алады.
Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу.

Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуды мақсат тұтқан әрбір жас үшін бұл бастама керемет мүмкіндік екеніндігін атап өткіміз келеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары, жоғары білімінің болуы, жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл, орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу.

Сондай-ақ, Әділет Әділбекұлы өз сөзінде 13-25 қыркүйек аралығында, ресми – іскерлік қазақ тілін тестілеуді өтуді қалайтындар үшін Академияның youtube каналында тегін қазақ тілі курстары өткізіліп жатқанын хабарлады.