Қазан айында Д.Қонаев даңғылы ашылады

122

Д. Қонаев даңғылы қазан айының басында ашылады. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталып, Д. Қонаев даңғылы және Т. Рысқұлов көшесі бойынша 800 метр асфальт жабындысы төселген және жол өтпесінің 20 балкасы орнатылған.

Даңғылда тоннель арқылы көліктердің қозғалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Жобаға сәйкес, Т. Рысқұлов көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралықта жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Мөлдір Ибадуллаева