Úı Jańalyqtar Д.Қонаев даңғылының екінші кезеңі аяқталды

Д.Қонаев даңғылының екінші кезеңі аяқталды

Шымкентте қалаішілік қозғалысты жақсарту және инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы маңызды жобалардың бірі, Д. Қонаев даңғылының II кезеңі толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары Әйтеке би көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі бөлікті қамтыды.

Стратегиялық маңызы жоғары бұл бағыт қаланың көлік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосады. Даңғыл 4 жолақты етіп салынып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілді. Жоба аясында жол бойы абаттандырылып, көгалдандырылды. Сонымен қатар, қажетті жол таңбалары сызылып, көше жарық шамдары толық іске қосылды. Бұдан бөлек, туннель астына Шымкенттің символы — қызғалдақ орнатылды. Даңғылдың бұл кезеңі орталықтағы көлік жүктемесін азайтып, негізгі бағыттардың біріндегі қозғалысты реттеуге мүмкіндік береді.

Шымкент қалалық автомобиль жолдары басқарамасының тапсырысы бойынша Қонаев даңғылының алты кезеңнен тұрады. Сол жұмыстар сәйкесінше жүргізілді. Екінші кезеңі толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Нұргүл Жолымбетова