Санақтан онлайн өткендер саны 6 миллионнан асты

83

Санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 31,8%-ті құрап отыр.

28 қыркүйекте сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 5 223 509-ы sanaq.gov.kz сайтында, 584 586 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 236 353 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда келеді. Мұнда 799 457 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Екінші орында 663 522 адам қатысқан Алматы облысы тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 575 409 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 168 158 және 148 428 адам санақтан өтіпті.

Әлихан Файзханов