Шымкент: Өткен тәулікте 145 адамнан Кви анықталды

71

Елімізде өткен тәулікте 3 639 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 145-і Шымкентте, 56-ы Түркістан облысында тіркелген.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 87 015 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 18 333 пациент стационарға жатқызылған.

Ал, 68 682-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 377 адамның жағдайы ауыр, ал 378 пациенттің халі өте ауыр. 197 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 6 928 646 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 5 755 817 адам салдырды. Ал Шымкентте 445 372 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 378 882 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 776 635, II компонентін 624 575 адам салдырған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл мен Қызылорда облысы тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы «қызыл» белдеуде.

                                                                                       Мөлдір Ибадуллаева