Шымкентте Қазақстандағы ОРРО мен Mobil Plusтың алғашқы дүкені пайда болды. Орталықтың ашылуына орай арнайы акция өтуде. Егер сіз ОРРО смартфондарын сатып алсаңыз, ОРРО ЕНКО -ның жетілдірілген құлаққаптары сізге сыйға беріледі.
Шымкентте ОРРО мен Mobil Plus-тің алғашқы дүкені ашылды. ОРРО бренді дүниежүзіндегі ұялы телефондардың әлемдік көшбасшысы. Жаңа брендшоп- ОРРО мен Mobil Plusтың тиімді серіктестігінің жемісі.
Виктор Чжан, «ОРРО Kazakhstan» компаниясының коммерциялық директоры: «Басында шағын дүкеннен бастаған едік, міне керемет бренд -шоп аштық. Бұл дүкен сатып алушыларды біздің өніммен етене танысуға мүкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз әлемде танымал ақылды құрылғыларды көптеп шығару. Дүкен біз және тұтынушылар үшін маңызды. Ол серіктестімізге жарқын болашаққа жол ашады деген сенімдемін».
Қаракөз Әшімова, Mobil Plus компаниясы бас директорының орынбасары: «Орро компаниясымен 10 жыл болды серіктес болғанымызға».
Шымкенттік жас отбасы ашылу салтанаты күні замануи смартфон сатып алды. Керемет жоғары технологиялық Рено 5 Лайт ұялы телефонына қоса оларға сыйлыққа ОРРО-ның құлаққабы тарту етілді.
Талғамыңызға қарай түрлі үлгідегі смартфонды сатып алуға менеджерлер көмектеседі. Бренд-шопта аксессуарлардың да кең таңдауы бар.
Леонид Ким, Mobil Plus компаниясының коммерциялық директоры: «ОРРО и Mobil Plus алғашқы дүкенінің ашылу салтанатына орай бізде акция жүріп жатыр. 27-29 қыркүйек аралығында ОРРО смартфонын сатып алған болсаңыз, сыйлыққа жетілдірілген құлаққап тарту етіледі. Келіңіздер. Біз сіздерген қызмет етуге әрқашан дайынбыз».
ОРРО және Мобил плюс дүкені «Шымкентплаза» СО бірінші қабатында орналасқан.
Шынар Оразова