Шымкент қаласының айналасын жасыл белдеуге айналдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне берген есебінде мәлімдеді.
Жиында қоғамдық баудың көлемін ұлғайту талқыланды. Яғни, биыл ағаш егу жұмыстарына 250 гектар жер бөлінсе, келер жылы бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында қосымша тағы 2250 гектар жер қарастырылған. Осы орайда, 2023 жылы 3 мың гектар жерге көшет отырғызу жоспарланса, ал 2024 жылы 3 200 гектар тағы қосылмақ.
Сондай-ақ, бұл көрсеткішті 2025 жылы тағы 4300 гектарға арттыру межеленіп отыр. Нәтижесінде жасыл аймақтың жалпы көлемін 13 мың гектарға ұлғайту қолға алынап отыр.
Есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесінде шаған, бадам, қарағаш және жиде ағаштары да бар.
Айнұр Бекасанова