Азық-түлік тауарларын тұтыну нормасына сәйкес, Шымкент қаласының халқы бір жылда бірінші сұрыпты ұннан – 14 256 тонна, қалыпты бөлке наннан – 77 529 тонна, рожкиден – 4 825 тонна тұтынады. Және 2 193 тонна қарақұмық жармасын, 9 321 тонна күріш, 104 177 тонна картоп пайдаланады.

Ал сәбіз, пияз – 21 932 тонна, қырыққабаттан – 14 913 тонна, шекерден – 19 739 тонна тұтынса, 7 676 тонна күнбағыс майын, 16 449 тонна сиыр етін, 5 483 тонна тауық етін пайдаланады. Айран, сүттен – 92 663 тонна, жұмыртқадан – 155 717 200 дана, тұздан – 2 401 тонна және сүзбеден – 5 373 тонна қолданады екен.

Аталған 19 тағам түрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енген. Үшінші мегополис бірінші сұрыпты ұн, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен 100 пайызға өзін қамтамасыз ете алады.

Ал сүт өнімдерімен – 50 пайызға, тауық етімен – 41 пайызға, сиыр етімен – 65 пайызға және көкөніс өнімдерімен – 10-15 пайызға қамтамасыз етуге қауқарлы.

Айта кетейік, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.

Жанерке Хумар