Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы шарықтап кетті.

 

 

 

Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі қалаларда баға 30 пайызға, ал сұраныс көп, орталықтағы кейбір үйдің жалдау ақысы 65 процентке дейін аспандаған.

Мәселен Қазақ Ұлттық университетінің жанында бір бөлмелі пәтерлерді жалдау құны шілдеде 130 мың теңге болған. Қазір 200 мың. Мамандар мұны студенттердің офлайн оқу жүйесіне қайтып келуімен байланыстырып отыр. Яғни сұраныс артып, баға өсті.

Ал Білім министрлігінің мәліметінше Алматыдағы жоғары оқу орындарының жатақанасында 30 мың орын жетіспейді, Елордада 18 мың.