Шымкент теміржолы вокзалы алдындағы сағаттардың дәлме-дәл жүре бастағанына тұрғындар да қала қонақтары да дән риза. Жібек жолы жолындағы төрт бағытты көрсететін композиция пайдалануға бергеннен кейін бірнеше жылдан кейін істен шығып, мұнарадағы төрт сағат түрлі уақыт көрсететін. Бұл құбылыс әлеуметтік желіде назардан тыс қалмады, тұрғындар сын-ескертпелерін боратып жауаптыларды қыспаққа алды.
Соңғы айларда сағаттар жұмыс істемегендіктен, Шымкент қаласының логотиптерімен жабылған да еді. Енді міне жетіспейтін бөлшектер жеткізіліп электронды сағаттар жөнделіп, жолаушыларға уақытты көрсетіп тұр.
Аякөз Әбен, қала тұрғыны: «Теміржол вокзалы алдындағы сағаттар жөнделіпті. Жолаушыларға да қала тұрғындарына да жақсы болды, ыңғайлы. Поездарынан да қалмайды».