Бүгінде «Тұран» шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы толық аяқталған. Ал қазір тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Шағынаудандағы 13 көше де жөндеуден өтіп жатыр дейді сала жауаптылары.
Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. Биыл №2,6,8,10 – барлығы 4 көшенің жол құрылысы аяқталады. Қалған 9 көше құрылысы 2022 жылға өтпелі болады.
Қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапалы атқарылуы және уақытында аяқталуы керек екенін ескертті.
Мөлдір Ибадуллаева