Қаратау ауданында инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары қарқын алуда. Мәселен, өткен 8 айдың ішінде аудандағы инфрақұрылым саласында бірқатар маңызды жұмыс жүргізілген. Бұл туралы аудан әкімі Алмас Абаев мәлімдеді. Басшының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы аудан аумағында абаттандыру, көше жарығын орнату және жол жөндеу жұмыстарына ерекше басымдық беріліп отыр.
Қаратау ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамту көрсеткіші биыл 99%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі деп сендірді аудан әкімі. Сонымен қатар, электрмен қамту деңгейі 99% , ал табиғи газбен қамту 98% жеткен. Осылайша инфрақұрылым мәселесі күн санап реттеліп келеді. Ал, жылыту маусымына әдеттегідей дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Өйткені, аудан аумағында 200 ден астам әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ, 500 ге жуық үй арталықтандырылған жүйеге қосылған.
Алмас Абаев, Қаратау ауданының әкімі: «Ауданда жалпы 626 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде, 488 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. 138 үй автономды жылу жүйесін пайдаланады. Орталық жылу жүйесіне қосылған қатысты сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды 8 мекеме жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 99 пайызға сығымдау жұмыстарын жүргізілді. Осы аптаның соңына дейін 100 пайызға жетуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасққан 251 әлеуметтік нысанның сығымдау жұмыстары аяқталып, қысқа дайын болып отыр».
Аудан аумағында көшелерді жарықтандыру жұмыстары да жалғасын табуда. Бүгінгі таңда аудан әкімінің ақпаратына сәйкес, 545 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделуде. Бұдан бөлек, ауданда кәріз жүйесімен қамту деңгейі 46%-ны белгіілі болды. Бұл бағытта кезең-кезеңімен жүйелерді кеңейту және жаңа аумақтарды қосу жұмыстары қолға алынған.
Алмас Абаев, Қаратау ауданының әкімі: «Кәріз жүйесімен қамту бойынша, осы 2025 жылы орталық кәріз жүйесіне қосу бойынша екі елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Тұран шағынауданында «Таер» деген компания. Өте созылған жоба болды. Биыл соны 100 пайызға аяқтап, орталық кәріз жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бізде қазіргі таңда жұмысы аяқталмаған жүріп жатқан Мирас шағынауданында «Ынтымақ Бесарыс» деген ЖШС жүргізіп жатқан кәріз жүйелері жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда».
Аудан аумағында тұрғындар игілігіне арналған 239 балалар алаңшасы мен 109 спорт алаңы берілген. Бұл көрсеткіштер халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беріп отыр дейді аудан әкімі.
Нұргүл Жолымбетова






