Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі ме?

252

Елімізде үш ауысымды мектепдердің саны жағынан Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы көш басында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Елдегі барлық аймақ бойынша үш ауысымда шамамен 250 мың бала оқиды. Бұл дегеніміз 147 мектеп. Ал Шымкентте мұндай мектептердің саны – 9. Үшінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы кешкі сағат 17:00-де басталатын көрінеді.

Кешкі сағат 16:25-те оқушылар бірінші сабаққа енді кіріп жатады. Оқушылар кабинеттерге сыймаған соң, мектеп үш ауысымды оқу жүйесіне көшуге мәжбүр болған. Нөмірі бірінші қалалық мектепте бүгінгі таңда 4000 оқушы білім алса, оның 700-ден астамы үшінші ауысымда оқиды екен. Әдетте кешкі оқу бөлімінде жоғарғы сыныптар білім алады.

«Балалар жаңа ақпаратты таңертең жақсы қабылдайды ғой. Түсте олардың ұйқысы келуі, шаршауы мүмкін. Оның үстіне балалардың көбі үйірмелерге барады. Оларға да демалу керек» дейді.

«Менің немерелерім екінші ауысымда оқиды, өте ыңғайлы, олар мектепте кеш емес, бізді қанағаттандырады. Үш ауысымның есебінен мен үш ауысымда онлайн форматқа қарағанда жақсы деп санаймын» дейді қала тұрғыны.

Шымкент қаласында үш ауысымдық 9 мектеп бар. Білім басқармасы басшысының айтуынша, осындай жүйе арқылы бір сыныпта 40 емес, 25 оқушыдан оқып жатыр. Биылғы оқу жылы басталғанға дейін қаладағы үш ауысымдағы мектептер саны 14 болған. 12 мың оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілгеннен соң олардың саны азайды. Қазір ол жерде бұрынғы үш ауысымды және апаттық жағдайдағы оқу орындарының оқушылары білім алуда.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Үш ауысымды мектептерге біз аралас оқу жоспарын құрдық. Шымкент қаласы бойынша бізде ешқандай бұл тұрғыдан мәселе жоқ. Сағат 10-ға дейін ешқандай мектепте сабақ жүргізілмейді. Кейбір сабақтар онлайн түрде жүргізіледі».

Қаладағы үш ауысымды мектептер мәселесін 2025 жылға қарай толық шешу жоспарлануда» дейді қалалық білім басқармасының басшысы. Себебі мұндай мектептерде оқушылардың үлгерімі біршама төмен. Жоба бойынша алдағы уақытта 72 мектеп салу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі инвесторлар есебінен бой көтермек.

Гүлдана Дәурен