Үш жасар Миленаға көмек керек

72

3-жасар Милена Бунинаның әкесі қызының денсаулығы күн санап нашарлап бара жатқанын айтып көпшіліктен көмек сұрайды. Дәрігерлердің айтуынша бүлдішіннің аман қалуына үміт аз. Дертіне шипа болуға мүмкіндік тек Ресейде болғанымен оған қыруар қаржы керек екен.

Милана Бунинаның жасы небәрі үште болғанымен соңғы 2 жылдан бері ауыр дертпен күресіп келеді. Дәрігерлер оған плевропульмоналды бластома диагнозын қойған. Дегенмен бүлшдіршіннің ата-анасы оның жазылып, үйіне оралуына үмітті.

Миленаның әкесі қызының дертіне Ресейлік дәрігерлер көмектесе алатынын айтып көпшілктен көмек сұрайды. Ол үшін 5 миллион рубль яғни, 30 миллион теңге керек екен.

Игорь Бунин, әкесі: «Қазір бала тек бір өкпенің күшімен өмір сүріп жатыр. Ал екіншісі толығымен жұмыс істемей қалған. Өйткені бізде фистулалар, метастаздар болды. Дәрігерлер екі – үш айға жуық дұрыс диагноз қоя алмады».

Игор Бунин, қарапайым шаштараз болып жұмыс істейді. Ол қызының еміне қажет соманы табу үшін бар мүлкін сатқанымен қажетті қаржыны жинай алмағанын айтады. Шарасыз әке Аружан Саинның қорынан да көмек сұраған. Алайда, олардан еш қайыр болмапты.

«Мен барлық қорларға жүгіне бастадым, қазақстандық қорлардан Аружан Саин қоры жауап берді. Олар бізді қабылдау үшін жалғыз шарт – ҚР аумағында емделуге толық бас тарту екендігін айтты. Немесе шетелдік мамандар ұсынған емделу қағазының жазбаша қорытындысы қажет. Ал біздің дәрігерлер оны бермей жатыр. Мен барлық бей-жай қарамайтын адамдардан және біздің шенеуніктерден біздің проблемамызды шешуге көмектесуді, қызымды құтқаруды сұраймын. Мен қызымның өмір сүргенін қалаймын», дейді әкесі.

Қазір Милена Мәскеуде ем алып жатыр. Анасы сырқаттанған қызын күндізгі стационарға жатқызуға мүмкіндік болмағандықтан, аурухана жанынан пәтер жалдаған екен. Ал әкесі Шымкенттте тапқан-таянғанын қызының еміне жіберіп тұрады.