Вакцинацияланғандар саны 7 млн-ға жуықтады

75

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 6 969 069 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 5 795 901 адам салдырды. Ал Шымкентте 448 005 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 381 322 тұрғыны алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 783 761, II компонентін 626 963 адам салдырған. Сондай-ақ өткен тәулікте 4 106 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 150-і Шымкентте, 53-і Түркістан облысында тіркелген. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 84 262 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 17 749 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 66 513-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 390 адамның жағдайы ауыр, ал 346 пациенттің халі өте ауыр деңгейде. 197 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы қазірше «қызыл» белдеуде.

Мөлдір Ибадуллаева