Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 524 609 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 408 099 адам салдырды. Ал Шымкентте 512 560 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 415 129 алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 878 507, II компонентін 705 006 адам салдырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1 878 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 41-і Шымкентте, 50-і Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 202-ге жетіп отыр. Оның 24-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 25 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 27 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 63 845 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 11 543 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 52 302-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 895 адамның жағдайы ауыр, ал 222 пациенттің халі өте ауыр.
142 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Үшінші мегаполис сары белдеуде болса, Түркістан облысы жасыл аймақта тұр.
Мөлдір Ибадуллаева