«Жасыл» аймақта той істеуге рұқсат жоқ…

244

Сайрам ауданы әкімдігінің мобильді топ мүшелері мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылап, мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін Құтарыс ауылдық округіндегі «ШАПАҒАТ» тойханасында «С» есімді азаматтың ұлын үйлендіріп 250 адамға «КЕЛІН ТОЙ» жасаймын деген ойы жүзеге аспады.
Той тоқтатылып, карантин талаптарын бұзған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

«ШАПАҒАТ» тойханасы карантиндік шектеулерге қарамастан екінші рет заң талаптарын бұзған. Біріншісінде 40 адамға құдалық өткізбек болған.

Түркістан облысы «жасыл» аймақта болғанымен, карантин талаптары бойынша көпшілік жинауға рұқсат жоғын кей кәсіпкерлер елемей отыр.