Әлішер Әлімжан, жас ақын: «Лирикаға жақын жанмын. Мені көпшілікке танытқан «Лаура» атты өлеңім болды. Ал үй тақырыбында «Біздің үй» атты өлеңім. Байқасам отбасы тақырыбында көбірек қалам тербейді екенмін. Бәсеке адамды шыңдайды ғой. Мектепте жүргенде ақындар бәйгесіне көп қатыстым. Мүшәйраларға көп қатысып, әдеби ортаға қосылып кеттім. Поэзияның 90 пайызы мұңнан, көңіл күйден, 10 пайызы ғана мәтіннен тұрады ғой. Жүрек түкпіріндегі бір сезімді қозғаған кезде пайда болатын дүние. Мен үшін музыка мен поэзия егіз ұғым».