Ақшаңды еселеп көбейтіп беремін деп алдаған азаматша анықталды

97

 

Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы ақшаңды еселеп көбейтіп беремін деп сеніміне кірген. Содан жәбірленуші алаяққа 500 000 теңге ақша берген. Ал, танысы болса ақша алғаннан кейін әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты.Белгілі болғандай полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға сақтықпен қарауға шақырады.
Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сіз “102” телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.