COVID-19: Ел бойынша 2 232 адам жазылып шықты

68

Елімізде өткен тәулікте 1 967 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 71-і Шымкентте, 43-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 232-ке жетіп отыр. Оның 111-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 44 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

15 қазандағы жағдай бойынша елде 52 928 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 114 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 43 814-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 642 адамның жағдайы ауыр, ал 185 пациенттің халі өте ауыр. 125 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 976 127 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 059 597 адам салдырды. Ал Шымкентте 537 410 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 472 009-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 934 114, II компонентін 821 271 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы «жасыл» белдеуде. Ал «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева