«Достық әуендері» концерті өтті

170

 

Шымкент қалалық опера және балет театры сахнасында «Достық әуендері» атты концерттік іс-шара өтті. Екі күнге жоспарланған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева өнер көрсетті.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан пианист, әрі дирижер, әлемдегі үлкен сахналарда танымал болған Теміржан Ержанов концертте пианинамен сүйемелдеп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Т.Ержанов – Шуман атындағы Халықаралық конкурстың алтын жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, концертмейстер.

16-17 қазан күндері өткен шарада әйгілі әлем композиторлары Сергей Рахманинов және Петр Чайковскийдің шығармалары орындалды.

Гүлдана Дәурен