«Ғажайып бақ» ашылды

143

«Ғажайып бақ». Бұл Еңбекші ауданында құрылған жаңа алаңшаның атауы. Жаңадан ашылған демалыс алаңшасына бұл ерекше атауды сол жердің тұрғындары өздері қойыпты.

Еңбекші ауданына қарасты Ш. Уәлиханов көшесінде орналасқан 4 көпқабатты үйдің енді өз бағы бар. «Ғажайып бақ» деп аталатын демалыс алаңында балаларға арналған спорттық құрылғылардың бірнеше түрі орналасқан. Ал үлкендер уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы егін алаңшасы де қарастырылған. Қараусыз жатқан жердің демалыс орнына айналуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі.

«Ғажайып бақ» демалыс алаңшасы «Халық қатыстан бюджет» жобасы арқылы іске асқан. Көптің көңілінен шыққан бақты қолданысқа беру үшін жергілікті бюджеттен 53 миллион теңге бөлініпті. Аудан әкімінің айтуынша қараша айында тұрғындар игілігіне тағы 14 спорт алаңшасы берілмек.

Досбол Есілбек, Еңбекші ауданының әкімі: «Ағымдағы жылы Еңбекші ауданында 56 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жоспарға енген. Оған арнайы қаржы қаралып, 24-інің жұмысы аяқталып тұрғындар игілігіне берілді. Енді қараша айының соңына дейін тағы 14 алаңша пайдалануға берілмек».

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы тұрғындар тарапынан ұсыныс қабылдау жалғасуда. Аудан әкімінің аппараты белсенді қатысуға шақырады.

Аида Қарсыбайқызы