Шымкенттік полицейлер «Қару» іс-шарасы барысында 63 құқықбұзушылық анықталды. Ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.
Шымкент ҚПД ӘПБ қызметкерлерімен іс-шара барысында 2892 қару иелері және 37 күзет агенттігі тексерілді. Қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзудың 63 жайты анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша азаматтар тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кететін ақпарат «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашасына дейін жалғасатын болады.