Елімізде өткен тәулікте 1 499 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 37-і Шымкентте, 19-ы Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 435-ке жетті. Оның 17-і Шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 105 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.
12 қазандағы жағдай бойынша елде 53 729 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 550 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 44 179-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 684 адамның жағдайы ауыр, ал 197 пациенттің халі өте ауыр. 128 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 884 798 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 942 756 адам салдырды. Ал Шымкентте 536 297 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 459 355-і алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 916 377, II компонентін 799 937 адам салдырған.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы «жасыл» белдеуде. Ал «қызыл» аймақта 5 облыс тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Мөлдір Ибадуллаева