Шымкентте 12 қазаннан бастап жол-көлік оқиғаларының санын азайту, көлік жүргізушілерінің көлік айдау тәртібін арттыру мақсатында «Автомобиль» іс- шарасы жүргізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараның он үшінші күнінде қаладағы көлік жүргізушілерімен жасалған 8764 құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің қатысуымен орын алған 523 әкімшілік құқықбұзушылық белгілі болды.
Профилактикалық жұмыстар кезінде 54 автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, өзге де жол-көлік ережесін бұзған 236 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, бұл профилактикалық шара 10 қарашаға дейін жалғасады.
Диана Біржанова