Қаржы ұйымының ауласы өртенген

61

26 қазанда таңғы сағат 9:00 шамасында Қазыбек би көшесінде өрт оқиғасы орын алды. «Freedom Finance» қаржы ұйымының ауласында 40 шаршы метр бастырма және гараж бен оның ішінде болған KIA Sportage автокөлігі жанып кеткен.

Өрт сағат 09:31-де оқшауланып, 09:39-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.

Әлихан Файзханов