Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа көшті. Соңғы деректерге сүйенсек өткен тәулікте 1 717 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 28-і Шымкентте, 29-ы Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 444-ке жетіп отыр. Оның 22-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 39 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 11 қазандағы жағдай бойынша елде 53 751 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 653 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 44 098-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 696 адамның жағдайы ауыр, ал 194 пациенттің халі өте ауыр. 127 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 859 131 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 901 313 адам салдырды. Ал Шымкентте 535 806 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 454 848-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 911 899, II компонентін 791 298 адам салдырған.
Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ қызыл белдеуде 5 облыс тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал еліміздің өзге өңірлерінде эпиджағдай ақырындап тұрақталып жатыр.
Мөлдір Ибадуллаева