Шымкентте букроссинг бұрышы ашылды

366

Шымкент қаласында «кітап оқитын қала» атты букроссинг өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Осы орайда «Нұрсәт» шағынауданындағы №130 мектеп жанына 2 кітап сөресі қойылды. Қала тұрғындары сөредегі кітапты еркін алып оқуға немесе букроссинг бұрышына өзі сыйға тартуға болады. Кітап сөресі ашық алаңда орналасқан және онда QR қосымшасы орнатылған.

Қосымша арқылы оқырмандар автор туралы мәлімет пен басқа да әдеби шығармалар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың қаланың басқа аудандарында жалғасын табатынын жеткізді.

Гүлдана Дәурен