Шымкентте «Тыныш қала» іс-шарасы өтуде

139

Миллионды қала – Шымкентте 13-22-қазан аралығында «Тыныш қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара тыныштықты бұзу жайттарына жол бермеу, оның ішінде рұқсат етілген шу нормаларын асырған немесе өңделген газдарды шығару жүйесіне өзгерістер енгізілген көлік құралдарын қолдану мәніне тексеріс жүргізу және жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында қолға алынып отыр.

Қала көшелерімен бірге «Наурыз» алаңында жиналған «Авто-мото» федерациясы өкілдерінің мотокөліктер мен автокөлік құралдарының дыбыс қаттылығының деңгейі Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қолданысындағы арнайы шу өлшегіш құралы арқылы тексерілді.

Барлық автокөлік құралдары және мотокөліктердің техникалық регламенттері ұлттық стандарт талаптарына сай келетіндігі анықталып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруда.

Жанерке Хумар