Шымкентте жеңілдетілген пайыздық несиенің лимит көлемі ұлғайған

131

Шымкент қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына бастапқы бөлінген лимит көрсеткіші 373 болған еді. Қазіргі таңда азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесін оңтайлы шешу оның көлемін 589 ұлғайып отыр.

Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар саны – 49. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 127 азамат баспаналы болып отыр.

Айта кету керек, бағдарлама еліміздегі аз қамтылған отбасылардың жылдық 2 %-дық мөлшерлемемен тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде.

Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға бөлінген лимиттің аяқталуына байланысты азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келер жылы «Отбасы банк» арқылы қатыса алады.

Әлихан Файзханов