Елімізде өткен тәулікте 1 717 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 28-і Шымкентте, 26-ы Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 913-ке жетіп отыр. Оның 21-і Шымкенттік тұрғындар.
Ал, Түркістан облысынан 34 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 4 қазандағы жағдай бойынша елде 59 135 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 367 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 48 768-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 765 адамның жағдайы ауыр, ал 224 пациенттің халі өте ауыр. 144 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 716 723 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 671 959 адам салдырды. Ал Шымкентте 529 748 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 430 960 алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 902 363, II компонентін 749 315адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.
Мөлдір Ибадуллаева