Қазақстанда темірді шетелге тасымалдауға тыйым салынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай бұйрық шығарып отыр.
Оған сай қара және түсті металдарды экспорттауға жарты жылға шектеу қойылды. Бұл отандық металлургиялық кәсіпорындардың өндірісін арттыруға бағытталған. Өйткені кәсіпкерлер темір-терсекті шетелге қымбатырақ сатуға әуес.
Енді отандық кәсіпорындарда шикізат тапшылығы болмау үшін шектеу енгізілді. Бұған дейін де осындай шара қабылданған еді. Сол кезде кәсіпорындар өндірісі көлемін 40 пайызға арттырған еді.
Шынар Оразова