Úı ANONS Тұрғын үй бағасы 11 пайызға қымбаттады

Тұрғын үй бағасы 11 пайызға қымбаттады

Құрылыс нарығында бәсекелестік орта қалыптаспай баспана бағасы арзандамайды. Сарапшылар құрылыс заттарынан бөлек, үйдің қымбаттауына сұраныстың көптігі себеп дейді. Ал елімізде биыл тұрғын үй шамамен 11 пайызға қымбаттаған. Баға өткен айдың өзінде 1 пайызға өсті.

Баспананың қымбаттауына нарықтағы тұрғын үй тапшылығы себеп. Экономист Мақсат Сералы елде сұраныстың 10 есе өскенін айтады. Сонымен бірге кейбір құрылыс материалдарының құны үш есе қымбаттаған. Мәселен, темір биыл 75%-ке шарықтаған.

Шынар Оразова