Жыл соңына дейін елімізде жұмыртқа мен еттің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. Ет одағы төрасының айтуынша қазір фермерлер 1 келі сиыр етін көтерме баға 1800 теңгеден беріп жатыр.
Бұл арзан. Өйткені жемнің жетіспеушілігіне байланысты өндірушілер ет бағасын түсіріп отыр дейді. Десе де қарашаның соңында бұл мәселе шешілген бойда баға аспандайтынына сенімді.
Еттің көтерме бағасы келісіне 300-400 теңгеге қымбаттайды дейді. Сондай-ақ, жұмыртқа бағасы да көтерілмеді деген болжам бар. Кәсіпкерлердің айтуынша бұған астық бағасының өсуі әсер етпек.
Шынар Оразова