Шымкент: Жалған диплом сатып алмақ болған

214

Шымкент қаласында түркістандық тұрғын диплом сатып алмақшы болған. 700 мың теңгесінен айырылып қалған азаматша, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданған.

Арызданушының айтуынша, белгісіз біреу Шымкенттегі оқу орындарының бірінен диплом жасап беретінін айтып, 700 мың теңге алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Қазіргі таңда азаматтың жеке басы анықталып, жергілікті полиция бөліміне жеткізілген. Алаяқтық жасаған азамат ақшаны алғанын мойындап отырған көрінеді.

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы: «Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190 бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жедел тергеу тобы арызданушы азаматшаның жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, оны Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізді. Алаяқтық жасаған азамат жәбірленушінің ақшасын алғанын мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда».

 Гүлдана Дәурен