Бидай бағасы өсті

188

Әлемде бидай бағасы өсті. Chicago тауар биржасының сарапшылары соңғы рет өсім 2012 жылы байқалған дейді. Ал, өткен айда құны бірден 6,5 пайызға шарықтап шыға келді.

Мамандар енді астық тұқымды өнімдердің де бағасы өседі деп болжайды. Бидай құнының күрт қымбаттауына бірнеше фактор әсер етті. Бастысы биылғы ауа райының қолайсыздығы.

Онымен қоса, Ресей бидай экспортына салық енгізген соң, нарықта тапшылық туындады. Айтпақшы, қазір бидайдың еліміздегі бағасы тоннасына 120 мың теңге шамасында. Алайда, отандық сарапшылар өсім әлі де жалғасады,- дейді.

 

Шынар Оразова