Halyk Homebank қосымшасының QR-коды құжаттарды ХҚКО рәсімдеуге және мемлекеттік бажды кассаға бармай-ақ төлеуге мүмкіндік береді

111

 

Енді жеке басты куәландыратын құжаттарды алған немесе жаңартқан кезде, оларды ресімдегені үшін мемлекеттік бажды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) «бір терезе» қағидаты бойынша Halyk Homebank қосымшасының QR-коды көмегімен төлеуге болады.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоқ, құжат алу немесе өтінім беру кезінде бір талон алып, Сізге қызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан Halyk Homebank қосымшасының QR-кодын пайдалана отырып, мемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.

Қызметті Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды.

Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайда болды, өйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымал қызметтердің бірі: тек өткен жылдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданған. Бұған дейін келушілер қызмет үшін кассаның терезесіне бару арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп келген.
QR-код арқылы төлеу өте ыңғайлы, тағы бір даусыз тиімді жері: Halyk Homebank қосымшасының QR-кодымен төлеген кезде комиссия жоқ, ал касса арқылы төлеген кезде белгілі бір комиссия бар. Бұдан басқа, Halyk Homebank қосымшасындағы QR көмегімен төлем қызметін пайдалана отырып, банк клиенттері жүзеге асырған әрбір төлем үшін жоғары бонустар алады.
Halyk Homebank қосымшасының QR-коды көмегімен ХҚКО жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке, Кондоминиум объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша қызметтерді және Мемлекеттік тізілімнен халыққа көрсетілетін басқа да қызметтерді қосымша төлеуге болады.

Сонымен, Halyk Homebank қосымшасы арқылы мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады:
Банк қосымшасына кіріп «QR» белгішесін іске қосыңыз
ХҚКО операторы мониторының экранынан QR сканерлеңыз және төлем жасау үшін Halyk Bank картасын таңдаңыз
Төлем жасаңыз

Қызмет Қазақстанның барлық қалаларындағы ХҚКО клиенттері үшін қолжетімді.

Halyk Bank PR-қызметі
Тел.+7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

ҚРНРДА 2020 жылғы 3 ақпанда №1.2.47/230/38/1 лицензиясы берілген