ЭЦҚ-ны eGovMobile қосымшасынан алудың жолдары…

241

Енді eGovMobile-да тұлғаны биометриялық сәйкестендіру арқасында, мобильді азаматтар базасында және электрондық үкімет порталында тіркелуге, сондай-ақ ЭЦҚ алуға болады.

Тіркелуден өткен соң сізге өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіру, және eGovMobile мобильдік қосымшасындағы 73 қызмет пен сервис қол жетімді болады.

Тіркелу ережесі қандай?

• EGovMobile қосымшасының соңғы нұсқасын жүктеу қажет.
• Digital id қызметіне тіркеле отырып, биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз және жеке куәлік деректері мен телефон нөмірін қолдануға рұқсат беріңіз.
• Электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз және ЭЦҚ үшін пароль ойлап табыңыз.