I топ мүгедектерінің күтім жасаушыларына жаңа жәрдемақы түрі енгізілді

195

Түркістан облысында I топтағы мүгедектердің күтім жасаушыларына жаңа жәрдемақы түрі енгізілді. Төлем мүгедектік себебіне қарамастан бірінші топтағы барлық ерекше жандарға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалады.

Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40 есесін, яғни, 48 023 теңгені құрайды. Айта кетейік, бүгінде күнгей өңірде 647 063 әлеуметтік төлем алушы бар.

Оның ішінде, I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адам саны – 2 263, мүгедек балалар саны – 14 517-ні құрайды. Ал, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны – 18 360 адам екен.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева