Республикалық деңгейде өткізілген, этнос балалары арасында қазақ тілін дамытуға арналған «Мың жүйрік» жобасы өз мәресіне жетіп, сайыс жеңімпаздары анықталды. Ағартушылық жобаның іріктеу кезеңі ағымдағы айдың 15 мен 22-сі аралығында онлайн-форматта жүзеге асырылған еді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық этнос балалары қатысқан шараның қорытындысы керемет өтті.
Бұл араб этносының өкілі — Ахмед Шавки. Ол елдегі өзге ұлт балаларының қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыру мақсатында өткізілген «Мың жүйрік» жобасының жеңімпазы атанды. Жүзден жүйрік атанған жасөспірім, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тіл үйренуге деген ерекше қызығушылығы барын жеткізді.
Ахмед Шавки, Шымкент қаласындағы №28 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы: «Осы сыйлықты ұтып алу үшін бәрін түсіріп, кейін соны инстаграмға салдық. Менің ұлтым араб. Ол тілдерді алдымен қазақ тілін үйде жүріп үйрендім, орыс және ағылшын тілдерін мектепте жүріп үйреніп алдым».
Жас дарын өз арманын қағазға қазақ тілінде түсіру арқылы, төрешілердің көңілінен шыққан көрінеді. Жеңімпаздың мұғалімі, Ахмедтің бұл сайысқа қатысуға қызығушылық танытып, өзі ниет білдіргенін айтады.
Жаннат Назарова, Шымкент қаласы №28 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі: «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өзінің эссесін жазды. Иә, Ақмет, алға қойған мақсатыт, қандай маман болғың келеді , деп сұрадым. Ахмет, дәрігер оның ішінде хирург маманы болғым келеді деді. Ахметтің сыныбынды өзі секілді өзге ұлттың өкілдері бар. Оларда, Ахметке қызығып, сол 3тілде сөйлегісі келеді».
Бүгінгі шарада, Ахмед секілді жеңіске жетіп, марапатқа ие болған жастар, еліміздің бірқатар өңірлерінен жиналған. Ұйымдастырушылар, Республикалық деңгейде өткізілген бұл жоба мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде үлкен маңызға ие екендігін айтады. Іріктеліп алынған 10 жүлдегерді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттап, арнайы дипломдар мен сый-сияпат табыстады.
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Қазақ тілінде қанша кітаптар жарық көріп жатыр, қаншалықты үлкен дүниелер пайда болып жатыр. Соны ескере отырып, қазақ емес, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі бұрын таңсық еді, қазір қалыпты жағдай. Осының өзінен-ақ, 30 жылда осы тіл мәселесінің оң бағытта өзгеріс тапқанын білеміз».
Ұйымдастырушылар, сайысқа қатысушы балалардың ерекше белсенділігін көріп, бұл байқаудың республикалық деңгейдегі ауқымын кеңейту керек екеніне көзіміз жетті, -дейді. Сонымен қатар, аталған жобаның, мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына ықпал ететініне сенімділік білдіріп, алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.
Аида Қарсыбайқызы