Өнімдерді заңсыз импорттаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

82

1 мың тоннадан аса өнімді заңсыз импорттаған кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеден аса айыппұл салынды. Олар ішкі нарықта саудалау үшін Ресей, Өзбекстан, Түркия, Ауғанстан, Италия секілді бірқатар елден тауар тасымалдаған.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметінше, бірі санитарлық талаптарды бұзса, кейбір тауарда таңбалау белгісі жоқ.

Жалпы биыл 5 мыңнан аса заңсыз импорттың жолы кесілген. Тауар тасымалдаушыларға 392 млн. теңге айыппұл салынған.

Шынар Оразова