«Пәтер алып беретіндер» көбейіп кетті

55

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, пәтер алып беремін деген белгісіз тұлға, сеніміне кіріп алаяқтық жолмен 75 000 теңге қаражатын иемденген. Алайда арада уақыт өтсе де уәдесін орындамай хабарсыз кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт, жедел түрде Әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.