Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шаралары жайлы баяндады. Биыл 490 қылмыстық іс қозғалған.
Соның ішінде жалған шот-фактура жазып беру мен қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырудың 28 фактісі бар. Бұның барлығын ұйымдасқан қылмыстық топтар жасады.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері қаржы мониторингі агенттігі 15 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Зардап шеккендерге 2,3 миллиард теңге қайтарылды.
Шынар Оразова